Ақмола облысында Ерейментау ауданының 43 жастағы тұрғыны мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, апатқа қатысушы екінші жүргізушіге бұрағышпен қауіп төндірген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ерейментау қаласындағы Абылай хан көшесінде болған. ВАЗ-2107 және Toyota Camry көліктері арасында шамалы соқтығыс орын алған. Алайда отандық жеңіл көліктің жүргізушісі жағдайды белгіленген тәртіппен реттеудің орнына, көліктен шығып, бұрағыш алып, апатқа қатысушы екінші жүргізушіге дене жарақатын саламын деп қорқытқан. Жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары апат кінәсінің мас күйінде екенін анықтаған. Сонымен қатар, ол бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған.
Осы фактілер бойынша полицейлер екі сотқа дейінгі тергеуді бастады: қауіп төндіру фактісі және көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның қайтадан мас күйінде көлік жүргізу фактісі бойынша.


