Ақтауда әйел жанжал кезінде басқа әйелді ұрып-соққаны үшін сот алдында жауап берді. Оқиға оның мас күйінде басқа әйелге шабуыл жасауымен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz.

Маңғыстау облысы соттарының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Ақтау қалалық соты айыпталушыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа жеңіл зиян келтірмеген, дене жарақатын салған) бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, айыпталушы мас күйінде жанжал кезінде жәбірленушінің шашынан ұстап, жерге құлатып, беті мен басына бірнеше рет соққы жасап, оған дене жарақатын салған.

Айыпталушының кінәсі оның өз көрсетпелерімен және қылмыстық іс материалдарында жиналған өзге де дәлелдемелермен толық расталды.

Жәбірленуші заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Қорғаушы айыпталушының кінәсін толық мойындағанын және кәмелетке толмаған балаларының барын ескере отырып, неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кінәсін толық мойындауын, шынайы өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде сот қылмыстық құқық бұзушылықтың мас күйінде жасалғанын ескерді.

Сот үкімімен әйел ҚР ҚК 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.