Ақтөбеде жекеменшік фирманың 46 жастағы жүргізушісі қолдан жасалған жалған водка өндірісін жолға қойған, алайда сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
«Диапазон» басылымының дерегінше, ер адам таныстарының кеңесіне еріп, спиртті сумен араластырып, алынған қоспаны танымал алкоголь сусыны ретінде сата бастаған. Ол таза спирт сатып алып, оны сүзілген сумен араластырып, бөтелкелерге құйып, оған заттаңба жапсырған.
Сонымен қатар ақтөбелік белгісіз сатушыдан жалған есепке алу-бақылау маркаларын сатып алып, оларды өз өніміне жапсырған. Дайын «тауарды» ол топтап сатқан.
Жерасты өндірушінің әрекеті қаңтардан қыркүйекке дейін жалғасқан. Ер адамды құқық қорғау органдарының қызметкерлері одан сатып алушы ретінде водка алғаннан кейін ұстаған.
Ақырында қолдан жасалған алкогольді сатушы сот төрінде отырды, бірақ жазадан құтылып кетті. Ол мемлекетке 148 мың теңге көлеміндегі залалды толық өтеді, өкінді, ал қылмысты алғаш рет жасаған. Осы мән-жайларды ескеріп, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Тәркіленген спирт пен жалған водка құйылған бөтелкелер сот үкімімен жойылады.


