Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Әлихан Әскербай – үш Азия және үш әлем рекордын жаңартты

 

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс нәтижесі бойынша 310 (141+169) келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Әскербай үш бірдей Азия және үш әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар, жастар арасындағы бәсекеде де табысты өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш – жас спортшының халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі табысы. Әлихан Әскербайдың жарқын жеңісі Қазақстандағы ауыр атлетика спортының болашағы бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама