Қазақстандық боксшы Жәнібек Алимханұлы АҚШ-қа сапарға дайындалып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды infohub.kz.
Спортшының командасы Instagram-да мәлімдеме жариялап: «Бәрі қайта басталды! Жақсы бастама сияқты. Сіздерге, қымбатты жанкүйерлер, зор алғысымды білдіремін! Сіздер мені өз жерлесіміз ретінде ерекше қолдайсыздар. Қазір визаны күтіп жатырмыз, бәрі сәтті болса, жақын күндері Америкаға аттанамыз», — делінген.
Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) басшысы Густаво Оливьери The Ring басылымына Алимханұлының орта салмақтағы титулдан бас тартып, суперорта салмаққа ауысатынын мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ қазақстандықтың жаңа салмақ дәрежесіне ауысқанда бірден міндетті үміткер мәртебесін алуы мүмкін екенін айтқан. Бұл ақпаратты спортшының өзі де растады. Жәнібек сонымен қатар Сауль Альвареске оның салмақ дәрежесіне ауысуына байланысты үндеу жасады.
Ұйымда қазақстандық боксшының өтініші бойынша ресми шешім қабылданды: Алимханұлы титулдан айырылды, ал оның салмағындағы уақытша чемпион толыққанды әлем чемпионы мәртебесіне көтерілді.


