31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешеніне инженерлік желілерді тарту жұмыстарына байланысты бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, жұмыстар Алмалы ауданында жүргізіледі. Желілер салынып жатқан «Шевченко-Байзақова» тұрғын үй кешеніне тартылуда. Осыған байланысты Байзақов көшесінің Жамбылдан Шевченкоға дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жүргізушілерден уақытша шектеулерді ескеріп, жол маршрутын алдын ала жоспарлау сұралады.
Ведомство жұмыстар үш учаскеде жүргізілетінін нақтылады. Жылу желілері Жамбыл көшесі, 168а мекенжайындағы қосылу нүктесінен салынып жатқан ғимаратқа дейін тартылады. Су құбыры және су бұру желілері — Байзақов көшесі, 232 мекенжайындағы қосылу нүктелерінен нысанға дейін.
Инженерлік желілерді тарту жұмыстарын Qazaq Stroy компаниясы жүргізеді. Жоба аясында кәріз желілерін монтаждау және кейіннен аумақты абаттандыру да қарастырылған. Барлық жұмыстарды 2026 жылдың 18 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.
Басқарма тұрғындар мен жүргізушілерге уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жүріп-тұруды жоспарлау кезінде шектеулерді ескеруді және жұмыс жүргізіліп жатқан жердің маңында қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.


