Алматы тұрғындары үйлерінде жарық пайда болғанын хабарлай бастады. KEGOC компаниясы электрмен жабдықтаудың қалпына келтіріліп жатқанын растады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

KEGOC баспасөз қызметінің мәліметінше, оператор Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі технологиялық бұзылыстан кейін электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге кірісті.

«2026 жылғы 14 тамызда сағат 14:37-де Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылыс орын алып, 500 кВ Ағадыр – Үлкен Л-5300 және Л-5320, сондай-ақ Ақтоғай – Талдықорған Л-5400 электр беру желілері ажыратылды», – деп нақтылады ведомствода. Салдарынан Қазақстан БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы және Орталық Азияның біріккен энергожүйесі оқшауланған жұмыс режиміне бөлініп шықты.

«Алдын ала жедел деректер бойынша, технологиялық бұзылыстың себебі Орталық Азия БЭЖ тарапынан қуаттың кенеттен артуы болды. Қазақстанның энергожүйесіндегі бұзылыс салдарынан тұтынушылардың электрмен жабдықтауын шектеу көлемі шамамен 2810 МВт құрады. Жүйелік оператор дереу қалпына келтіру шараларын бастады. Сағат 14:47-ге қарай Қарағанды облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 295 МВт көлеміндегі шектеулер алынып тасталды», – деп хабарлады KEGOC-та.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ тұтынушылардың электрмен жабдықтауын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.