Алматыда полиция қызметкерлері психотроптық заттарды таратты деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады. Оның гаражында жүргізілген тінту кезінде күтпеген жағдай анықталды: автобөлшектердің орнына сатуға дайын ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар сақталған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары Түрксіб ауданында жүргізілді. Ұсталған адамның жалдамалы гаражынан сатуға дайындалған психотроптық зат салынған 70 орама табылды. Ер адамның өзі закладчик болып жұмыс істегенін және Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағындағы тайниктер арқылы есірткі таратқанын мойындады. Ұсталғаннан кейін ол жабдықталған закладкалардың орнын көрсетті.
Кейінгі тінтулер барысында полицейлер өнеркәсіп базасы ауданынан тағы 120 ораманы, ал Баймағамбетов көшесіндегі үш тайниктен 167 дозаны алып қойды. Барлығы заңсыз айналымнан психотроптық зат болжамы бар 357 орама алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.


