Алматыда қала кеңістіктерін заманауи әрі ыңғайлы ету жұмыстары жалғасуда. Алмалы ауданында Панфилов көшесінің Жібек жолы даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі бөлігі жаңартылып, Алматы-2 вокзалына баратын жаяу жүргіншілер бағыты ұзартылды, деп хабарлайды infohub.kz.
Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшиннің айтуынша, көшенің қалай болуын тұрғындардың өзі дауыс беріп, білдірген. Жұмыс барысында тротуар брусчаткамен жабылып, жарықтандыру үшін екі шақырымнан астам кабель желілері тартылып, 18 мыңға жуық бұта отырғызылды.
Сонымен қатар ауданда Чайковский көшесінің Қазыбек би мен Айтеке би көшелерінің аралығындағы бөлігі көркейтілді. Мұнда да «Халық қатысатын бюджет» тетігі қолданылып, көгалдандыру жаңартылды, автоматты суару жүйесі, жаңа жабын, көлеңкелі шатырлар мен пергола орнатылды, заманауи жарықтандыру монтаждалып, кабель желілері тартылды. Тарихи ғимараттардың қасбеттерін жаңғырту жалғасып, биыл 60 үйді жаңарту жоспарланған.
«Келешек-51» ПИК төрайымы Елена Красновская нәтижеге ризашылығын білдірді: «Тұрғындар өте риза. Өйткені мұндай жаңару. Айтатын ештеңе жоқ. Өзіңіз көріп тұрсыз, иә, үйге қарап түсінуге болады. Әсіресе, жөндеуге дейін және жөндеуден кейінгі көрініс бар. Сонымен қатар бонус ретінде нөсер кәрізі жүргізіп, жылыту кабелін орнатты».


