Алматыда экономикалық контрабанда және кедендік төлемдерді төлемегені үшін Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Мемлекетке келтірілген залал 2,7 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық істі тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) мүшелері мемлекетке 2,7 млрд теңгеден астам залал келтіргені анықталды. Істе 37 компания бар, алайда тергеу негізгі залалды дәл осы екі аффилирленген компания — «Metlink» және «Urban Green» келтіргенін анықтады.
Қадағалау органының хабарлауынша, 2026 жылғы 5 тамызда ҚПК-нің 128–132-баптары тәртібімен ҚК-нің 262-бабының 1, 2-бөліктері — ұйымдасқан топты басқару және оның қызметіне қатысу, 234-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы — қылмыстық топ жасаған экономикалық контрабанда және 236-бабының 3-бөлігі — қылмыстық топ жасаған кедендік төлемдерді төлемеу баптары бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ҚР азаматтары «Ш» және «А» ұсталды. Олар Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2026 жылғы 7 тамызда тергеу соты аталған адамдарға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды санкциялады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны атап өтілді.


