Алматыда 20-26 тамыз аралығында Мұратбаев пен Күрмет көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Мұратбаев пен Күрмет көшелерінің жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеу енгізіледі: Мұратбаев көшесінде Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі учаске, ал Күрмет көшесінде Достық даңғылынан тұйық көшеге дейінгі учаске жабылады.
«Жөндеу жүріп жатқан учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Өз бағдарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп ескертті қала тұрғындары мен қонақтарына.
Бүгін сондай-ақ Жандосов көшесінде 19 тамыздан 23 тамызға дейін көлік қозғалысы ішінара шектелетіні хабарланған болатын.


