Алматыда Құлжа трактісінің бір бөлігінде жол қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен Алматы қаласының шекарасына дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Шектеулер жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты енгізілуде.
«Жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, уақытша жол белгілерінің талаптарын және жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.
Жүргізушілерге уақытша шектеулерді ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Әкімдік жол қозғалысын шектеу туралы ақпараттың @AlmatyJoly Telegram-арнасында, қалалық биліктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» сервистерінде жарияланатынын еске салды.


