Жыл басынан бері Алматы метросында ондаған пышақ, кастет және оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды infohub.kz.
Оған қарамастан, Алматы метрополитені қоғамдық көліктің ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып қала береді. Күн сайын оның қызметін 110 мыңнан 130 мыңға дейін жолаушы пайдаланады.
«Жыл басынан бері тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері метрополитен аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болған 310 азаматты анықтады. Заңсыз айналымнан 29 пышақ, кастетке ұқсас 62 зат, сондай-ақ 4 оқ-дәрі тәркіленді», — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
Сонымен қатар, Алматы метрополитені станцияларында заманауи бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 604 камера орнатылған, олардың бір бөлігі нақты уақыт режимінде бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған.
«Біз жолаушыларды тыйым салынған заттарды өткізуге тырыспауға және кез келген күдікті заттар мен құқыққа қарсы әрекеттер туралы дереу полиция қызметкерлеріне немесе метро қызметкерлеріне хабарлауға шақырамыз», — деп атап өтті метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Орал Ахимов.
Құқық қорғау органдары жолаушыларды метрополитенді пайдалану ережелері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.


