17-25 қазан аралығында Almaty Arena күздің басты теннис оқиғасы — ATP 250 санатындағы халықаралық Almaty Open турнирінің алаңына айналады. Қазақстан теннис федерациясы билет сатылымын бастап кетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Биыл турнир қатысушылардың жұлдызды құрамымен ерекшеленбек. Корқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик, қазақстандық теннисші Александр Шевченко, әлемнің тоғызыншы ракеткасы Даниил Медведев, әлемнің 18-ші ракеткасы Карен Хачанов, Венгрияның бірінші ракеткасы Фабиан Марожан және басқа да мықты теннисшілер шығады.
Отандық жанкүйерлердің назары әсіресе Александр Бубликтің қатысуына аударылған. Қазақстанның бірінші ракеткасы жанкүйерлеріне үндеу жасады: "Сәлем, достар! Құрметті теннис әуесқойлары, кездесуді асыға күтемін — Almaty Open-да кездескенше", — деді Бублик.
Almaty Open ATP ресми күнтізбесіне енеді және ATP 250 санатына жатады. Әлемдік теннис маусымында бұл санаттағы 29 турнир 29 елде өтеді, ал әр жарыстың жеңімпазы 250 рейтингтік ұпай алады. Алматыдағы турнирдің жүлде қоры биыл $1 млн астам болады.
Ұйымдастырушылар тек спорттық құрамға ғана емес, сонымен қатар демалысқа да басымдық береді. Турнир бойы қонақтарға фан-зоналар мен интерактивті алаңдар жұмыс істейді, серіктестік күндері мен шеберлік сабақтары, сондай-ақ тірі музыкамен концерттер өтеді. Келушілерді әлемнің түрлі асханаларының тағамдары бар фудкорттар мен отбасылық ойын-сауық күтіп тұр. Осылайша, Almaty Open тек үздік теннисшілердің кездесу орны ғана емес, толыққанды демалыс алаңына айналады.
Көрермендерге стандартты және VIP билеттер қолжетімді. VIP пакетке жеке кіру, корт жанындағы орындар және кейтеринг қызметі, сондай-ақ үш Michelin жұлдызы бар шеф-аспаздың мейрамхана қызметі мен ойынға панорамалық көрінісі бар премиум аймақтарға кіру кіреді.
Almaty Open-ның бас серіктестерінің бірі — Beeline — Janymda қолданбасының пайдаланушыларына арнайы ұсыныс дайындады: JANYMDA20 промокоды бойынша стандартты билеттерге 20% жеңілдік. Ұсынысты пайдалану үшін қолданбаны ашып, жұмыс күндері билет сатып алу кезінде промокодты енгізу жеткілікті.
Beeline-ден басқа, турнирдің бас серіктестері — ForteBank, Emirates және Қазақстанда спортты дамыту мен халықаралық жарыстар өткізуді қолдайтын басқа да компаниялар.
Турнирге билеттерді Ticketon.kz, Afisha.yandex.kz, zakazbiletov.kz және sxodim.com сайттарынан да сатып алуға болады.


