Швейцарияның Женева қаласында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін үндістандық Гукеш Доммараджу мен өзбекстандық Жавохир Синдаров арасындағы матч жалғасуда. Екінші партия да біріншісі сияқты теңдікпен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл жолы Синдаров қара, ал Доммараджу ақ фигуралармен ойнады. Жүрістер үш рет қайталанған соң, 20-шы жүрісте теңдік тіркелді. Енді екі шахматшының да еншісінде бір-бір ұпайдан бар.

Үшінші партия 26 қарашаға жоспарланған. Жалпы сайыс ең көбі 14 классикалық партияға есептелген. Жалпы жеңіс үшін 7,5 ұпай жинау қажет.

Синдаров шахмат тағы үшін матчқа әлемдік рейтингте төртінші орынмен (2782 ұпай) келді. Доммараджу 26-шы орында (2710). Бұл — әлем чемпионы атағы үшін матчтар тарихындағы рейтингтегі ең үлкен алшақтық.

Үндістандық шахмат тағын 2024 жылы қытайлық Дин Лижэньнен тартып алған болатын. Енді Доммараджу титулды алғаш рет қорғап отыр.