Алматыда 12 қабатты тұрғын үйде өрт болып, құтқарушылар 100-ге жуық адамды эвакуациялады. Оқиға Алатау ауданының Дарабоз шағын ауданында болды, деп хабарлайды infohub.kz.

Куәгерлер Kris_p_almaty_official Telegram-арнасында ғимараттың жоғарғы бөлігінен көтерілген қою түтінді көрсететін бейнежазба жариялады. Үй мектептің қарама-қарсысында орналасқаны атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өрт туралы сигнал кезекші пультіне 16:49-де түскенін хабарлады. Оқиға орнына келген құтқарушылар 11-қабаттағы пәтерлердің бірінің ас үйінде ашық жану болғанын анықтады.

ТЖМ қызметкерлері дереу барлау, адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарына кірісті. Газтүтіннен қорғау қызметінің буындары баспалдақтармен құтқару қалпақтарын пайдаланып, 10 адамды, оның ішінде төрт баланы құтқарды. Сондай-ақ 100-ге жуық адам эвакуацияланды.

Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.