Алматыда Медеу аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты қызметтегі әрекетсіздігі айыпталған полиция қызметкеріне үкім шығарды. Тергеу нұсқасы бойынша, оның әрекетсіздігі Аль-Фараби даңғылындағы өлімге әкелген жол апатына себеп болуы мүмкін еді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Судья сотталушыны кінәлі деп танып, оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталған адамға мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салынды, ол полиция сержанты атағынан да айырылды. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы оған өзгеріссіз қалдырылды.

Жаза мерзімі ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің екі күніне қамауда ұстаудың бір күні есебінен есептеледі.

Бұған дейін Алматыда қалалық полиция департаменті бастығының экс-орынбасарының жүргізушісіне қатысты сот талқылауы басталған. Ол қызметтегі әрекетсіздігі айыпталды. Тергеу нұсқасы бойынша, оның әрекетсіздігі Аль-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған өлімге әкелген ЖКО-ға себеп болуы мүмкін еді.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыдағы Аль-Фараби даңғылында ауыр жол апаты болған. Полицияның мәліметінше, Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

22 маусымда судья сотталушыға үкім шығарып, оны кінәлі деп таныды және ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін 10 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан өмір бойы айыруға соттады.