Алматылық курьер 3 мың доллардың алаяқтарға өтіп кетуіне жол бермеді. Осы үшін оны полиция марапаттады. Алматы полиция департаменті күдікті байқап, дереу хабарлаған Нартай Есімхановты марапаттады. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.

Оқиға өткен аптада болды: зейнеткер әйел телефон алаяқтарына сеніп, жиған-тергенін курьер арқылы жібермек болған. Олар оны «декларациялау» керектігін айтып алдаған. Әйел курьер шақыртқан, бірақ жігіт оның қатты уайымдап, сөлемнің ішінде не бар екенін айтқысы келмей тұрғанын байқаған. Содан Нартай Есімханов дереу полицияға хабарласқан.

Анықталғандай, пакеттің ішінде 3 мың доллар болған. Уақтылы хабарлаудың арқасында ақшаның бәрі иесіне қайтарылды. Алматы ПД бастығы Айдын Қабдулдинов курьерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

«Әжейдің көзіне қарасам, оның қатты қорқып тұрғанын түсіндім. Шынымен аядым. Сол сәтте өз анам есіме түсті: оның орнында анам болса ше? деп ойладым. Сондықтан дереу полицияға хабарлауға бел будым. Дұрыс іс жасадым деп санаймын», — деді Нартай Есімханов.