Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Саина көшесінде жаңа асфальт төселгеннен кейін қалған шұңқырлар туралы қала тұрғынының шағымына жауап берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ведомство түсіндіргендей, көшеге асфальт төсеу кезінде жаңбыр суы канализациясының торлары уақытша алынып тасталған.

«Қазан айының ортасында асфальтбетон жабынның үстіңгі қабатын салу жұмыстары жүргізілгендіктен, жаңбыр суы канализациясының қарау блоктары уақытша демонтаждалды. Қазіргі таңда барлық блоктар жобалық деңгейде орнатылды», — деді Басқармада.

Бұған дейін Instagram желісінде Boris.drive деген логинмен пайдаланушы Саина көшесінде, Рысқұловтан төмен, жаңа асфальт төселіп, шұңқырлар қалғаны туралы ескерту жасап, бейнежазба жариялаған. Ол ешқандай қоршауы жоқ бес шұңқырды санап шыққан.

Сондай-ақ ол бейнежазбада дөңгелегі қисайған көлікті көрсеткен. Ақау, болжам бойынша, шұңқырға тап келуден туындаған. Бейнежазба авторының айтуынша, шұңқырлар «София» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан.