Алматыда 1 қазаннан бастап сумен жабдықтау және су бұрудың жаңа тарифтері күшіне енеді. NUR.KZ агенттігі «Алматы Су» компаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, мегаполис тұрғындары үшін қосылған құн салығын қоса есептегенде бір текше метр су 178,06 теңге тұрады, деп жазады infohub.kz сайты.

«Алматы Су» тарифтері тұтынушы санатына тікелей байланысты. Халық үшін сумен жабдықтау құны бір текше метрге 178,06 теңге, ал су бұру — 119,46 теңге болады.

Бизнес үшін жоғарырақ тариф белгіленген. Заңды тұлғаларға су бір текше метрге 362,18 теңге, ал су бұру — 264,75 теңге тұрады. Осылайша, екі қызмет бірге бизнеске бір текше метрге 626,93 теңгеге шығады.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға, сондай-ақ мемлекетке дауыс беретін акциялардың немесе қатысу үлестерінің кемінде жартысы тиесілі ұйымдарға жеке мөлшерлеме қарастырылған. «Бұл санат үшін ҚҚС-пен бір текше метр су 649,60 теңге, су бұру — 189,14 теңге тұрады. Жалпы алғанда — бір текше метрге 838,74 теңге», — делінген сайтта.

Есептегіші жоқ тұтынушылар үшін су бұру құны бөлек есептеледі. «Суық суды бұру тарифі адам басына айына 1791,85 теңге, ыстық судікі — 376,29 теңге. Есептегіш орнату техникалық мүмкін емес ескі және апатты үйлер мен жатақханалардың тұрғындары үшін бұл қызмет адам басына 641,48 теңгеге шығады. Есептегіші жоқ адам үшін тұрмыстық суық сумен жабдықтау суық суды бұрумен бірге ҚҚС-пен айына 4462,75 теңге болады», — деп көрсетілген «Алматы Су» кестесінде.

Бақша, газон, гүлзарлар мен ағаштарды суару үшін де жеке норматив белгіленген. 1 қазаннан бастап ол суару алаңының бір жүз шаршы метріне айына ҚҚС-пен 1780,60 теңге болады.

Айта кетейік, суару маусымы алты айға созылады — 15 сәуірден 15 қазанға дейін. Суаруға суды 23:00-ден 05:00-ге дейін пайдалануға рұқсат етіледі.