Алматыда қаланың түрлі аудандарындағы бірнеше жер учаскесін алу туралы қаулыларға қол қойылды. Құжаттарды мегаполис әкімі Дархан Сатыбалды бекітті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бостандық ауданында Жароков көшесі бойындағы екі жер учаскесін алу жоспарланып отыр: олар Алматы қаласының әкімшілік макетін салу үшін қажет.
Алатау ауданында Теректі шағын ауданындағы учаскенің бір бөлігі алынады — Рысқұлов даңғылын Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін жалғау үшін. Сол ауданда «Дархан» шағын ауданындағы екі учаске Тлендиев көшесін жалғау мақсатында сатып алынбақ.
Тағы екі учаске Наурызбай ауданында алынады — Төле би көшесін жалғау үшін.
Сонымен қатар мәжбүрлеп иеліктен шығару Әуезов ауданындағы учаскенің бір бөлігін қамтиды: әкім қаулысындағы ақпаратқа сәйкес, бұл емхана аумағын кеңейту үшін қажет.
Сатып алу Түрксіб ауданындағы тағы екі учаскені де қамтиды — Ержанов және Шолохов көшелерінде. Алу мақсаты ретінде «Сейфуллин» саябағында күрделі жөндеу мен абаттандыру жүргізу кезінде кешенді тәсілді жүзеге асыру аталған.
Учаскелердің бір бөлігін келесі жылдың соңына дейін, тағы бір бөлігін 2028 жылдың соңына дейін сатып алу жоспарланып отыр. Меншік иелері жүгінетін мекенжай: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 606-кабинет.
Меншік иелеріне өтемақы төленетіні хабарланды.


