Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Алматыда Сайран көлі маңында жарылыс дыбысы шықты

17 қараша күні таңертең Алматы тұрғындарын Сайран көлі маңында естілген қатты дыбыс алаңдатты. Әуезов ауданының бірқатар бөлігінде электр жарығы сөніп, жолдарда кептеліс пайда болды. Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) "жарылыстың" себебін түсіндірді.

 

Тұрғындардың айғағы: Жарылыс пен сөнген бағдаршам

Куәгерлердің айтуынша, шамамен таңғы сағат 9:00-де қатты дүмпу естілген.

"Қатты жарылыс болды. Сол сәтте пәтерлерде жарық өшіп қалды. Қалада ұзақ уақыт жарық болмайтын сияқты", - деп бөлісті тұрғындар.

Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында барлық бағдаршамдар бір мезетте істен шыққан. Бұл өз кезегінде таңғы қарбалас уақытта үлкен жол кептелісін тудырды.

 

ТЖД ресми пікірі: Себеп – трансформатор өрті

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдайға қатысты ресми ақпарат таратты.

Ведомствоның мәліметінше, сағат 8:53-те Өтеген батыр көшесінде орналасқан трансформатор қосалқы станциясының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімдері жіберілді. Анықталғандай, 0,2 шаршы метр аумақта трансформатор жанған. Электр желісі қызметкерлері нысанды уақытылы жарықтан ажыратты", - деп хабарлады ТЖД өкілі.

 

Жарық толық қалпына келтірілді

ТЖД өкілдерінің айтуынша, қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт қаупі жойылды. Қазіргі уақытта аудандағы электр энергиясы толығымен қалпына келтіріліп, тұрғындарға жарық берілді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама