2026 жылдың күзінде негізгі аяқкиім трендтерінің бірі – 1970-жылдары танымал болған француз би туфлилері. Балерина Зизи Жанмерге арнап жасалған аңызға айналған модель заманауи интерпретацияда дизайнерлердің назарын қайта аударды, деп хабарлайды infohub.kz.

Бұл аяқкиімнің тарихы 1970 жылы басталды. Француз балет брендінің негізін қалаушы Роуз Репетто джаз бишілерінің жұмсақ аяқкиімінен шабыттанып, келіні – атақты балерина және әртіс Зизи Жанмерге арнап жаңа жұп жасады. Модель Repetto Zizi деген атау алды және уақыт өте культтік туфлиге айналды.

2026 жылдың күзгі маусымы осы танымал трендтің қайта оралуымен ерекшеленеді. Vogue журналының мәліметінше, джаз аяқкиімі мен классикалық дерби элементтерін біріктіретін туфлилер қайта өзекті болады. Аңызға айналған модельдің жаңартылған нұсқаларын Jacquemus және Celine секілді сән үйлері ұсынып, әлемдік подъюмдерде трендтің қайта жанданғанын растады.

Бұл 1970-жылдардың модадағы алғашқы қайта оралуы емес. Бұған дейін дизайнерлер сол кезеңге тән көйлектерді қайта жаңғыртқан болатын. Енді сол қатарға культтік туфлилер қосылды, олар 2026 жылдың күзіндегі басты трендтердің біріне айналады деп күтілуде.