Ресейдің Алтай өлкесіндегі Кулунда ауылында Механизаторская көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде газ жарылып, салдарынан екі подъездегі төртінші және бесінші қабаттар құлады. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
РБК жергілікті тергеу органдарына сілтеме жасап хабарлағандай, іс «Тұтынушылардың өміріне немесе денсаулығына қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бабы бойынша қозғалды.
Алтай өлкесі бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқарманың баспасөз қызметі мамандар жарылыс салдарынан шыққан өртті сөндіріп, жергілікті тұрғындарды эвакуациялап жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.
Үйден эвакуацияланған тұрғындар үшін Кулунда ауданындағы бір мектептің базасында уақытша орналастыру пункті ашылды.
SHOT мәліметінше, төтенше оқиға салдарынан шамамен 15 адам зардап шеккен, алдын ала деректер бойынша қаза тапқандар бар. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.
ТАСС алдын ала деректер бойынша 14 адамның зардап шеккенін хабарлайды. Бір адам қираған құрылыс астында қалуы мүмкін.
РИА Новости басылымы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Ол жарылыс орталығына көршілес пәтерде болған 1974 жылы туған ер адам болып шықты — ақпаратты тергеу органдары растады.


