Табысты американдық адвокат Натаниэль Каллертон жоғары ақы төленетін қызметінен және басқа заң фирмасына ауысу ұсынысынан айырылды. Себеп — әлеуметтік желіде оның жас әріптесімен сүйіскен видеосы тарап кетті. Бұл оқиға қоғамда кең резонанс тудырды, деп хабарлайды infohub.kz.

Каллертон Сэм Альтманның мүддесін Илон Маскқа қарсы істе қорғаған заңгерлер тобының мүшесі болған. Маск OpenAI компаниясынан $150 млрд шығын өтеуді талап еткен еді. Олардың күш-жігерінің арқасында іс жеңіспен аяқталды.

Адвокат жылына шамамен $4 млн табыс табады. Ол бәсекелес фирмаға ауысуды жоспарлаған, онда оның табысы шамамен үш есе өсуі мүмкін еді, деп жазады The Post.

Алайда TikTok-тағы жарияланымнан кейін барлық жоспар күл-талқан болды. Видеода 45 жастағы Каллертон саябақта жас әріптесімен сүйісіп тұр. Адвокат прокурор Мойра Ким Пензаға үйленген. Тергеу барысында ол жұмыстан уақытша шеттетілді. Ролик 10 миллионнан астам қаралым жинады, ал басқа компания жұмысқа қабылдау ұсынысын қайтарып алды.

Бұл оқиға қоғамдық айыптаудың мансапқа қалай әсер ететінінің айқын мысалы болды. Қазақстанда да отбасылық опасыздыққа осындай жаппай айыптау болса екен деп армандау ғана қалады.

Бұған дейін Бостондағы Coldplay тобының концертінде камера кездейсоқ отбасылық опасыздықты әшкерелегені хабарланған болатын.