Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 51 минут бұрын)
"Анамды іздеуді тоқтатқан жоқпын": Шетелдіктер асырап алған Жәнібектің жүрекке тиетін жазбасы

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек туған анасын іздеуді әлі де тоқтатпағанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекке тиетін жазба жариялады. Бұл ізденістің өзі үшін өте маңызды әрі күрделі процесс екенін жеткізген ол, анасын табу жолында жанашыр азаматтар мен заңгерлердің қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәнібектің сөзінше, соңғы уақытта іздеуге үміт сыйлайтын жаңа деректер пайда болған. Ол іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмесе де, жақсы жаңалықтан үмітін үзбейтінін жеткізді.

Жүрекжарды жазба

«Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін», – деп жазды Жәнібек.

Жәнібектің бұл жазбасы желі қолданушыларын қатты әсер етті. Көпшілік оған туған анасын табуына тілектестік білдіріп, қолдау сөздерін жаудырды.

Жаңалықтар

Жарнама