Биология пәні мұғалімі: Бақытқызы Әсел
Сабақтың тақырыбы: Ақ сұлама – емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпжасушалылардың өкілі жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту;
Дамытушылық: Жалпақ құрттардың таралу жолдары, сақтық шаралары, пайда – зияны туралы алған білімін одан әрі қолданып, қосымша ақпарат көздері арқылы ізденіс дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Көпжасушалы жануарлар туралы алған білімдерін қолдану арқылы жалпақ құрттардың өкілдерін ажырата білуге үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, тірек – сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: гельминтология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Бекіту (кестелер)
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түлелдеу, жаңа сабаққа назар аударту.
Психологиялық дайындық. Мен бүгінге дейін құрттар туралы не білемін? Оқушылардың өз ойын сұрау
ІІ. Жаңа сабақ:
Жалпақ құрттар типі.
Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы - гельминтология деп аталады.
Жалпақ құрттар - екі жақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Дене тұрқы шұбалаңқы келеді, үш қабаттан эктодерма, энтодерма және аралық қабат мезодермадан тұрады. Бұлар паразит құрттар.
Жалпақ құрттар
І. Жалпақ құрттардың жіктелуі
Патшалық: Жануарлар (Животные)
Бөлім: Билатеральдылар (Билатеральные)
Бөлімше: Алғашқы ауыздылар (Первичноротые)
Типі: Жалпақ құрттар (Плоские черви)
Класы: Кірпікшелі құрттар (Ресничатые)
Отряды: Үштармақты ішекті турбеллярия (Турбеллярия)
Өкілі: Ақ сұлама (Белая или молояная планария)
Кірпікшелі құрттар класы
Ақ сұлама - еркін жүзіп қимылдайтын, жаопақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен реттелді. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәр шығару және жыныс мүшелері бар.
Толық нұсқасын жүктеу
Ақ сұлама – емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Биология пәні мұғалімі: Бақытқызы Әсел
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз539 қаралым
#ақ сұлама#жалпақ құрттардың өкілі#биологиядан сабақ жоспарлары
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

