Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 09 мау. 2026 14:30
- 25
АҚШ сенаторы ашқан құпия: Трамптар Қазақстан вольфрамын қалай иеленді?
Америка Құрама Штаттарының сенаторы Джон Ософф, Трамп әулетінің Қазақстанмен байланысты вольфрам жобасына қатысы бар екенін мәлімдеп, дау тудырды. Оның айтуынша, бұл мәміле жемқорлықтың белгісі және оған 1,6 миллиард доллар салық төлеуші ақшасы жұмсалуы мүмкін.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамптың ұлдары мен Қазақстан вольфрамы
Сенатор Ософфтың айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен қыркүйекте Трампқа қоңырау шалып, вольфрам өндіру құқығын американдық компанияға бергісі келетінін жеткізген. Осыдан кейін бір ай өткен соң, Дональд Трамптың ұлдары, кіші Дональд және Эрик, бұл келісімге ұмтылған компаниядан үлес алған.
Ософф бұл жағдайды сынға алып, «Эрик пен Дон Скайлайн компаниясынан үлес алғасын қазақтар әлгі компанияға әлемдегі ең ірі игерілмеген вольфрам ресурсын бере салды» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, бұдан кейін Трамп басқаратын Ақ үй Қазақстандағы кен жобасын қаржыландыру үшін 1,6 миллиард доллар бөлу туралы шешім қабылдаған.
Вольфрамның маңызы және Трамптардың рөлі
Сенатор Ософф бұл жағдайға қынжылыс білдіріп, «Америкалықтар бензинге, азық-түлікке, медициналық қызметке ақша таппай отыр. Ал мында 1,6 млрд доллар салық төлеушінің ақшасы Қазақстанға бағытталмақ» деді.
Трамптың ұлдары Скайлайн компаниясына кіргеннен кейін, олар Cove Capital-мен бірігіп Kaz Resources компаниясын құратынын хабарлаған. Бұл компания Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарының шамамен 70 пайызына иелік етеді.
Вольфрам – қорғаныс, авиация, электроника және өндіріс салаларында кеңінен қолданылатын маңызды металл. АҚШ Бейжіңге тәуелділікті азайту мақсатында Қазақстандағы кен жобаларына қызығушылық танытуда. Трамптың ұлдары бұл жобада өзін пассив инвестор ретінде көрсетуге тырысқанымен, сенатор Ософф олардың әрекетін сынға алды. Астана бұл айыптауларға әзірге ресми жауап берген жоқ.