Photo: olga Volkovitskaia (https://www.pexels.com/@olga-volkovitskaia-131638009) / Pexels
- 19 сәу. 2026 19:30
- 30
Ақтаулық асаба мен әйелі: "Жеке видеомызды таратуды тоқтатыңдар!"
Ақтау қаласында «Хан» лақап атымен танымал асаба жұбайымен бірге әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, соңғы кездері кең таралған жеке сипаттағы видеоға қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұбайы жазбасын «Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте» деген сөздермен бастап, жағдайдың қаншалықты ауыр екенін жеткізді.
Видеоның таралу себебі
Асабаның айтуынша, аталған бейнежазба ешкімге көрсету немесе көпшілікке тарату үшін түсірілмеген. Ол видеоны тек жеке сақтау үшін алғанын, алайда белгісіз себептермен ол интернетке тарап кеткенін айтты. Бұл жағдай олар үшін үлкен соққы болғаны анық.
Алаяқтардың әрекеті
Бұған қоса, әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылардың видеоның толық нұсқасын іздеп, тіпті WhatsApp арқылы сұрап жатқаны байқалды. Бұл жағдайды пайдаланып, алаяқтық әрекеттер де көбейген. Кейбір Telegram-арналар «толық нұсқаны» ұсынамыз деп, беймәлім адамдардан ақша талап етіп, алдап жатқаны белгілі болды.
Іздеу сұранысы артты
Соңғы деректерге сәйкес, «хан тамада мен әйелі» деген іздеу сұранысы бір тәуліктің ішінде Google жүйесінде шамамен 5 мың рет тіркелген. Бұл жағдайдың қоғамда қаншалықты резонанс тудырғанын көрсетеді.