Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Арақтың зияндары

Бүгінгі күні ең үлкен індетке айналған, әсіресе жастарға төніп тұрған қауіптің басында спиртті ішімдік және есірткі тұр. Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын.  Дегенмен, зияндарының біршамасы төмендегідей:

Психикалық ауруы бар 1000 адамға жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны анықталған.

● Жол апаттарының көбі, мас жүргізушілердің кесірінен болады.

● Спиртті ішімдіктермен есірткілер, ми және орталық жүйке жүйесінің қас дұшпаны.

● Спиртті ішімдік қатерлі ісікке шалдығу себептерінің басында тұрады.

● Спиртті ішімдік ішетіндердің бауырлары қатты шаршайды. Соңында цирроз ауруына шалдығуы мүмкін.

● Арақ жүректің үлкеюі мен қан айналымының жүйелігін бұзады.

● Бүйрек қабынулары, жасушалардың зақымдануы және қуықалды бездің (простат) үлкейуі арақтың зияндарынан болып табылады.

● Асқазанның ішкі қабықшасын тітіркендіріп, гастрит пен асқазан жарасына (язва) себеп болады.

● Спиртті ішімдік тұтынғандардың ми жасушаларының көбі өледі. Кейін, параличке және өлімге себеп болады.

● Маскүнем адамның жақындары арасында қадірі қалмайды, абыройын түсіретін, масқара жағдайларға тап болады. 

● Маскүнем адам бар отбасыда стресс, депрессия жағдайлары жиі кездеседі.

● Отбасы ішіндегі ұрыс-керістер, қол жұмсау, ажырасулардың басым бөлігі арақтың кесірінен болуда. 

● Бет және теріде тері аурулары пайда болады. Маскүнемдердің  балалары көбінесе ақымақ, ұстамалы ауру, маскүнем... болады.

● Психикалық ауруы бар 1000 адамға жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны анықталған. Мүгедектердің 80%-ның себебі де, маскүнем болған ата-ана.

Сондықтан барынша ішетін топтардан аулақ жүру керек. Ешкім бірден алқаш болып кетпейді, бір ұрттап көрейіннен басталады. Ішкілікке үзілді кесілді жоламау керек.

Оқуға кеңес береміз: Арақтың ағзаға беретін әсерлері


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама