Арқалық әуежайы құрылыс жұмыстары мен сертификаттау рәсімдерін аяқтап, қыркүйек айында тұрақты рейстерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың мәліметінше, әуежай CRJ200 типті өңірлік жолаушы ұшақтарын қабылдауға және қызмет көрсетуге дайын. Жаңа бағыттарда тасымалдаушы ретінде SCAT әуекомпаниясы шығады.
«3 тамызда әуежай авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын, 18 тамызда «Қазаэронавигацияның» аэронавигациялық қызмет көрсетуші ретінде сертификатын алды. 21 тамызда аэродромға жарамдылық сертификаты берілді», — деп жазды әкім.
Алғашқы рейсті 22 тамызда қабылдау жоспарланған, ал 1 қыркүйектен бастап тұрақты рейстер орындала бастайды. Ұшақтар сейсенбі және сенбі күндері Алматы — Арқалық — Қостанай — Арқалық — Астана — Арқалық — Алматы бағыты бойынша ұшады.
Арқалық әуежайының сейсенбідегі кестесі: Алматы — Арқалық: 08:50–10:50; Арқалық — Қостанай: 11:50–12:40; Қостанай — Арқалық: 13:40–14:30; Арқалық — Астана: 15:30–16:20; Астана — Арқалық: 17:50–18:40; Арқалық — Алматы: 19:40–21:35.
Сенбідегі кесте: Алматы — Арқалық: 08:40–10:40; Арқалық — Қостанай: 11:40–12:30; Қостанай — Арқалық: 13:30–14:20; Арқалық — Астана: 15:15–16:05; Астана — Арқалық: 17:35–18:25; Арқалық — Алматы: 19:25–21:15.
Арқалық әуежайы 1990-жылдары жабылып, ғимарат ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған еді. Қазір әуежай қалпына келтірілді және ресми ашылуына дейін әлеуметтік желілерде дизайны үшін көптеген оң пікірлер алды. Жаңартылған әуежайдың қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін уақыт көрсетеді.
Бұған дейін әуежай AYK халықаралық кодын қайта алғаны хабарланған болатын.


