Арман-мақсатқа және әрбір істе шеберлікке жетудің жолдары қандай?
Джордж Леонард «Шеберлік» кітабында мақсатқа жетіп, кемелдену жолдарын қарастырған. Кез-келген істе шебер болғысы келетін жандар үшін, аталған кітаптан бірнеше пайдалы кеңес ұсынамыз.
Қарсыласуға дайын болыңыз
Қарсыластықтың нендей себепті туындайтынын ешқашан нақты біле алмайсыз. Бойыңыздағы үрей себепті ме? Әлде психосоматикалық ахуалыңыз жазықты ма? Мүмкін жұмыстағы әріптестеріңіздің қасақана жасайтын залымдықтарынан болар? Отбасы мүшелерімен, достарыңызбен араңызда туындаған ұрыс-керіс ше? Аталғандардың ешбірін байқамадыңыз ба? Онда сақ болғайсыз! Белгілі бір ортада қалыптасқан тәртіпті бұзғаныңыз үшін, арқаңыздан пышақ сұғуы мүмкін.
Достарыңыз, отбасыңыз немесе әріптестеріңіз тарапынан қарсыластық табуыңыз ықтимал. Мысалы, біраз уақыт бұрын таңертең 7:30-да тұру қиынға соққанымен, сағат 9:00-да басталатын жұмысыңызға үлгеруге барды саласыз. Ендігі, өзіңізді қолға алып, күнделікті сағат 6:00-да ұйқыдан тұрып, бес километр қашықтықта жүгіріп, 8:30-да денеңіз күш-қуатқа толы күйде кеңсеге жетесіз.
Бәлкім, сіздегі бұл өзгеріс себепті әріптестеріңіз бөркін аспанға атып қуанады деген сенімде боларсыз. Жо-жоқ, мұндай бола қоймайды. Ал тәніңіз қуатқа толы күйде үйге қайтсаңыз ше? Мұндай өзгеріс отбасыңызға ұнай ма екен? Мүмкін.
Десе де мынаны есте ұстағаныңыз жөн: қалыптасқан жүйенің бір бөлшегі өзгергенде, жүйені тұтастай өзгерткеніңіз жөн. Сондықтан жаныңызға жақын жандар сіздегі жағымды өзгерістерге, кемелдікке талпынысыңызға ашық түрде қарсылық танытса, еш таңданудың қажеті жоқ.
Қолдау жүйесін құрыңыз
Әрине, өміріңізге өзгерістер енгізуге өзіңіз ғана ұйытқы бола аласыз. Алайда қуаныш пен қайғыңызды бөлісе білетін жақын жандарыңыздың қолдауына сүйену кемелдікке жетер жолыңызды жеңілдетеді.
Қолдаудың ең жақсы жүйесі – дәл осындай өзгерістерді бастан кешкен немесе өзгеріс жолына түскен адамдар. Жаныңызда өзіндік хикаясымен, қиындықтарымен, жетістіктерімен бөлісіп, сізді түсіне алатын, тайсақтай бастағаныңызда бағыт беріп, қолдау танытатын, шыңға өрлеуіңізге қанат бітіретін жандар болуы тиіс.
Қуанышымызға орай, кемелдікке бастар жол сіз таңдаған не басқа салада биікке талпынған жандарды біріктіреді.
Тұрақты түрде машықтаныңыз
Өмірін өзгертуге бет бұрған жандар тұрақты түрде сүйікті ісімен айналысу арқылы тұрақтылық, жайлылық сезіміне бөленеді. Ол жетістікке жетуге ғана емес, кемелдену процесінің дұрыс жүруіне себін тигізеді.
Тәжірибе, машықтану кемелдік жолының негізі болғандықтан, олардың бұл жолға түскен адамға көмегі зор. Ұдайы қандай да бір іске машықтануға дағдыланғаныңызда, бойыңыздан жағымды өзгерістерді аңғарасыз. Осы кезде түбегейлі өзгеріс қажеттілігін, жаңа жолмен бағыт алудың маңыздылығын оңай әрі анық түсініп, көзіңіз жете түседі.
Бойыңызда кемелдікке байланысты қалыптасқан ұстанымдарды жұмысыңызда немесе маңызды қарым-қатынаста ұстану оңай соғады. Тіпті, ол ұстанымдар күнделікті таңертеңгілік жүгірумен шектелсе де, сіз үшін оның мәні зор. Қандай да бір әрекетке дағдылану түптеп келгенде әдетке айналады.
Өміріңізді оқуға арнаңыз
Неге екені белгісіз, алайда біз – оқудың жаңа білімді меңгеру процессінен анағұрлым маңызды екендігін естен шығаруға бейімбіз. Оқу дегеніміз – өзгеру.
Физикалық немесе ақыл-парасат, рухани тұрғыдағы кемелдікке жету, әйтеуір, қандай мақсатта болмасын, оқу – тұлғаның түбегейлі әрі қарқынды өзгеруі. Бұл процесс колледж не университетте алған біліммен, қырық, алпыс немесе сексен жасқа жетумен шектелмеуі тиіс.
Өмір бойы оқу – кемелдікке ұмтылған адамдардың ерекше теориясы, ерекше аумағы. Ондағы жол еш уақытта бітпек емес.
Оқуға кеңес береміз:
Оқып-үйренуді әдетке қалай айналдыруға болады
Мақсатыңа жету үшін өзіңе қалай кедергі келтірмеуге болады
Бірден іске кірісуді әдетке айналдырудың 7 әдісі
Мотивация, мақсат және жетістік
Бақытқа бөленудің және әрдайым бақытты болудың жолдары