Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел үкіметінің 2 тамыз, жексенбі күні отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл – Ұлттық жиналыстың жаңа шақырылымының құрылуына байланысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Известия» газетінің армяндық News.am телеарнасына сілтеме жасауынша, Пашинян 30 шілдедегі отырыста былай деген: «Бұл – біздің үкіметтің соңғы отырысы. Конституция бойынша, Ұлттық жиналыстың тоғызыншы шақырылымы құрылуына байланысты біз отставкаға кетеміз». Үкімет отставкаға кеткеннен кейін ел президенті премьер-министр етіп парламенттік көпшілік — билеуші «Азаматтық шарт» партиясы ұсынған кандидатты тағайындайды.
Еске сала кетейік, 7 маусымда Арменияда парламент сайлауы өтті. 8 маусымда премьер-министр Никол Пашинян өз партиясы «Азаматтық шарттың» сайлаудағы жеңісін жария етті. Сол күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пашинянды партиясының жеңісімен құттықтады.


