Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті, Австралия парламентінің өкілдер палатасының спикері Милтон Дикпен кездесті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті қызметіне сайлануымен құттықтап, осы жауапты миссияны жүзеге асыруда табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентаралық одақпен көпжылдық жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды институты ретінде Парламентаралық одақтың маңызын атап, онымен байланысты одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады.
Қазақстан Президенті әңгімелесушіге елде саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ауқымды саяси реформалар жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Милтон Дик Қазақстанның Парламентаралық одақ басшысы ретінде барған алғашқы мемлекеті болғанына ерекше назар аударды. Ол елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді.
Тараптар сондай-ақ парламенттік дипломатия, жасанды интеллектті дамыту және қазақ-австралиялық ынтымақтастықтың перспективалары мәселелері бойынша пікір алмасты.


