Кешке Қазақстан астанасында көлік қозғалысы тұралап қалды: 2GIS қосымшасы жолдардың ең жоғары — 10 балдық жүктемесін тіркеді, ал ағын жылдамдығы ең төменгі деңгейге түсті. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Кептеліс туралы ақпарат «Астана — Что? Где? Когда?» Telegram-арнасында пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, қаланың сол жағалауы тұтастай тұрып қалған: кептеліс Туран, Сығанақ, Достық, Қонаев көшелерін, сондай-ақ Хан Шатыр, Астана Операсы, Бәйтерек, Asia Park және Keruen аудандарын қамтыды.

2GIS қосымшасының деректері растайды: көптеген көше қызыл түспен белгіленген, бұл магистральдардың шектен тыс жүктелгенін көрсетеді. Сервис қолданушылары эмоциялық пікірлер қалдыруда. «Жігіттер, кептеліске кірмеңдер», «Чипсы не семечке бар ма кімде?», «Жабық», «Қайда барасыңдар, алло?», «ЖКО», «Бұл п...ц», — деп жазады жүргізушілер.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Мемлекеттік күзет қызметі Астанада бірқатар халықаралық саяси іс-шара өтуіне байланысты 5–6 қазанда астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін ескерткен болатын.

Айтпақшы, бүгін кешке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астана әуежайында Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алды.