Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның телескопиялық трап арқылы жолаушыларды отырғызу мен түсіру тарифін көтеру туралы өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитетінің сайтында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға арналған шекті баға жобасын талқылауға арналған ашық тыңдаудың хаттамасы жарияланған болатын.

Құжатқа сәйкес, қолданыстағы тариф 2012 жылдан бері қайта қаралмаған. Тыңдау өткізілген кезде ол траптың бір минут жұмысы үшін 161,7 теңгені құраған. Аталған қызмет 191 млн теңге кіріс әкелгені, ал шығыны 465 млн теңгеден асқаны атап өтілді. Осылайша, шығын 273 млн теңгеге жеткен.

Әуежай әкімшілігі тарифті қосылған құн салығын есепке алмағанда траптың бір минут жұмысы үшін 1 842,72 теңгеге дейін көтеруді ұсынған. Яғни, сөз іс жүзінде 11,4 есеге ұлғайту туралы болып отыр.

Алайда ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ішкі рейстерде телескопиялық трап арқылы жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған қоғамдық маңызы бар қызметтің жобаланып отырған шекті бағасын төмендету қажеттігін мәлімдеді.

ААК дәлелді қорытынды ұсынды. Құжаттан мамандар өз есептеулерін жүргізіп, мынадай тұжырымға келгені көрінеді: шығыстарды ескергенде тариф ҚҚС-сыз минутына 699,58 теңгені құрауы тиіс.