3 қазан күні таңертеңнен бастап Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде астаналық жолдардағы әскери техника мен жабылған көшелер туралы хабарламалар мен бейнелер жариялай бастады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бұл 5–6 қазанда қалада бірқатар халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Threads желісіндегі alldar.kose пайдаланушысы: «Астана, не болып жатыр? 3 қазан, 04:00», — деп жазды. Тағы бір пайдаланушы Нat.store.lati да Астана көшелеріндегі жабылған жолдар мен әскери техника түсірілген бейнені жариялап, оған: «Таңнан бері әбігер, кімді күтіп отырмыз, кім біледі?» — деп жазды.

Кейінірек Мемлекеттік күзет қызметі ведомствоның Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасады. Онда былай делінген: «Астанада 5-6 қазанда бірқатар халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты астаналық көшелердің жекелеген учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Іс-шаралар арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және ҚР Қарулы күштерінің ресурстарын пайдалануды көздейді. Халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз».