Астана халықаралық әуежайы басқарма мүшелерінің 2025 жылғы жиынтық сыйақысы 146 млн теңгені құрады, бұған жалақы мен сыйлықақылар кіреді. Басқарма құрамы жыл ішінде үш адамнан бес адамға дейін өзгеріп отырды. Өткен жылмен салыстырғанда төлемдер 34%-ға өскен, деп хабарлайды infohub.kz.
Желтоқсанда басшылық ауысты: басқарма төрағасы қызметін БАӘ өкілі Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тастап, оның орнына Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы төрағасы әрі Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов келді. Сондай-ақ басқарма құрамына Асқар Ісқұжін енді. Жыл бойы орган құрамында Руслан Пыштанов пен Марат Төлешов қалды.
Қазір әуежай басқармасында жеті адам бар. Қарашада елорда әкімдігі әуежай сенімгерлік басқаруда болған БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату туралы келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болды. Желтоқсанда келісім бұзылды.
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әуежай одан әрі жаңғыртуды қажет ететінін, ал бұрынғы инвестор қажетті қаржы салымдарын қамтамасыз ете алмағанын түсіндірді. Оның айтуынша, екінші ұшу-қону жолағын салуға және біріншісін жөндеуге шамамен 150–190 млн доллар қажет.


