10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні Астанада донорлық процес барысында жүрек, өкпе және бауыр алынды. Дәрігерлер донорға құрмет көрсетіп, «құрмет дәлізін» жасады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram-арнасында үш ағзасы алынған донорға құрмет ретінде медицина мамандары «құрмет дәлізін» жасаған бейнені жариялады. Алынған жүрек, өкпе және бауыр күту парағында тұрған пациенттерге трансплантациялауға арналғаны нақтыланды.

«Мұндай әрбір жағдайдың артында дәрігерлердің, реаниматологтардың, трансплантологтардың, донорлық координаторлардың, санитарлық авиацияның және басқа да көптеген мамандардың орасан зор еңбегі жатыр. Бірақ ең бастысы — отбасының ең ауыр сәтте қабылдаған шешімі. Денсаулық сақтау министрлігі донордың туыстарына батылдығы мен адамгершілігі үшін шын жүректен алғыс білдіреді», — делінген ведомство хабарламасында.

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанда 132 ықтимал қайтыс болғаннан кейінгі донор анықталып, 205 трансплантация жасалғаны атап өтілді.

«2025 жылы бетбұрыс болды. Бір жылда 18 донорлық процесс өтті — бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, ал трансплантация саны үш есеге жуық өсіп, 68-ге жетті. Салыстыру үшін: 2023 жылы 19 ағза трансплантацияланған, 2024 жылы — 23. 2026 жыл 2025 жылдың нәтижесі бір реттік өрлеу болмағанын растап отыр. 11 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 мультиағзалық донорлық процесс өткізіліп, қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 42 трансплантация жасалды: 14 бүйрек, 9 бауыр, 11 жүрек, 4 өкпе және 4 қасаң қабық», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.