Қазақстан астанасында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан электросамокат тізгініндегі кәмелетке толмаған жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға кеше, 13 тамызда болған. HALYQSTAN Telegram-арнасында жарияланған куәгерлердің айтуынша, үш жасөспірім самокаттарымен қоғамдық көлікке арналған жолақпен келе жатқан қозғалысқа қарсы бағытта жүріп келе жатқан. Автобус аялдамаға кіре бастағанда, екі жігіт онымен жиек арасынан өтіп үлгерген, ал үшіншісі маневр жасай алмай, көлік дөңгелегінің астында қалған. Соқтығысу салдарынан самокат автобустың астында қалып, көліктің алдыңғы әйнегі сынған.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ЖКО фактісін растап, мән-жайды нақтылады. Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, аялдама кешеніне кіру кезінде қоғамдық көлікке арналған жолақпен қарсы бағытта самокатпен келе жатқан жасөспірімді қағып кеткен.

Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Қазіргі уақытта полиция бұл факті бойынша тексеру жүргізуде.