Астанада фельдшер Әлдана Мырзуанның қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша 24 тамызға белгіленген сот отырысы басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отырыс техникалық себептермен басқа күнге шегерілді. Бұған дейін тыңдау 24 тамызда сағат 10:00-ге жоспарланған еді. Келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен өтетін орны туралы қосымша хабарланады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанада болды: тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер құлады. Салдарынан жедел жәрдем фельдшері зардап шекті, ол қиранды астынан ер адамды шығаруға тырысқан еді. Оның басына тоғызыншы қабаттан кондиционер құлаған. Зардап шеккенге бас сүйегіне трепанация жасалды.
Өкінішке қарай, 18 қарашада фельдшердің қайтыс болғаны белгілі болды. Резонанстық іс 2026 жылғы 18 тамызда сотта қарала бастады. Кезекті отырыс 24 тамызда өтуі керек еді, алайда ол шегерілді.


