1 тамыздан бастап Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде кеңейтілген тарифтік жүйе іске қосылады. Бір реттік жолақыдан бөлек, жолаушыларға бірнеше күнге, бір айға және үш айға арналған жолдамалар, сондай-ақ белгіленген саны бар жол жүру пакеттері қолжетімді болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бір реттік жолақы бұрынғысынша 200 теңгені құрайды. Жолаушыларға арналған жолдамалар: бір күндік — 500 теңге, үш күндік — 1500 теңге, бес күндік — 2500 теңге, он күндік — 4000 теңге, он бес күндік — 5000 теңге, бір айлық — 7500 теңге және үш айлық — 20 000 теңге.
Сонымен қатар, жол жүру пакеттерін сатып алуға болады: бес жолы — 900 теңге, оны — 1800 теңге, жиырмасы — 3500 теңге, отызы — 5000 теңге.
15-і күніне дейін (соның ішінде) сатып алынған айлық жолдама ағымдағы айдың соңына дейін жарамды. Егер 15-і күнінен кейін сатып алынса, оны келесі айдың бірінші күнінен бастап пайдалануға болады. Күндік жолдамалар мен жол жүру пакеттері алғашқы валидациядан кейін күшіне енеді. Тәуліктік тарифтер күнтізбелік күннің соңына дейін, ал пакеттер төленген барлық жол жүру саны пайдаланылғанға дейін сақталады.
Тарифтерді Tarlan Astana станцияларындағы кассалардан сатып алуға болады. Олар жүйенің көлік картасына жазылады, оның балансын кассадан немесе станциядағы терминал арқылы тексеруге болады. Көлік картасы жоғалған жағдайда белсендірілген тарифтер қалпына келтірілмейді және жаңа картаға ауыстырылмайды.
Қазіргі уақытта тарифтер тек Tarlan Astana желісінде қолданылады, алайда оларды Астана автобус желісімен біріктіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Астана ЛРТ-сі жұмыс істеген алғашқы бір жарым айда 3,2 миллион жолаушы тасымалдап, билет сатудан 503 миллион теңгеден астам кіріс түсіргені хабарланды. Тек маусым айында ғана жаңа желімен 2,1 миллион адам пайдаланған.


