Астанада мас күйінде көлік жүргізген 28 жастағы Audi жүргізушісі 15 тәулікке қамалды. Оқиға өткен демалыс күндері болған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында ер адамның бойында мастық белгілері анықталған. Медициналық куәландыру жеңіл дәрежедегі мастықты растаған, деп хабарлайды infohub.kz.
Астана полиция департаментінде 2026 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін шамамен 1000 жүргізуші жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Сонымен қатар, құқығынан айырылған адамдардың көлік жүргізуіне байланысты 69 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.


