Астанада полицейлер жергілікті тұрғын әйелдің көлігін тоқтатып, салонынан тыйым салынған заттар салынған жол сөмкесін тапты. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір келіден асты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты хабарлағандай, жедел іс-шаралар барысында Астанада тәртіп сақшылары күдіктінің басқаруындағы көлікті тоқтатты.
«Көлік салонынан жол сөмкесі табылды, оның ішінде ақ түсті, ұнтақ тәрізді зат құйылған 20 орама болды. Бұл зат — мефедрон», — деп нақтылады құқық қорғау органдары.
Сонымен қатар қызды жеке тінту кезінде ұқсас заты бар бір орама табылды. Күдікті бұрын тастап кеткен тағы үш ораманың орнын да көрсетті.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Табылғанның барлығы, жалпы салмағы бір келіден астам, тәркіленді.
«Есірткі құралдарын сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды бейжай қарамай, есірткінің заңсыз айналымы туралы белгілі болған деректерді полицияға хабарлауға шақырамыз», — деп еске салды полицияда.


