Астана тұрғыны мешіттердің бірінің тұрағында дрифт жасаған жүргізушінің әрекетіне наразылық білдірді. Полицейлер шағымға жауап беріп, шара қолданды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Шағым zhaloby.astana Instagram парақшасында жарияланды. Астаналық мешіт аумағы қауіпті көлік маневрлері жасалатын орынға айналғанын жеткізді. Автор түсірген кадрларда көліктің ғимарат тұрағында дрифт жасап жатқаны көрінеді.
Жарияланымда шара қолданып, жүргізушіні жазалауды сұраған. Автор мешіт — адамдар балаларымен және қарттарымен келетін орын екенін, ал жүргізушінің әрекеті тұтас отбасылар үшін қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті.
Пост астындағы пікірлерде Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзушының табылғанын мәлімдеді. Ол — Lexus GX 470 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі.
«Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деп сендірді полицияда.


