Қазақстан астанасында Н. Тлендиев даңғылының бір бөлігінде жол жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеулер 7-12 тамыз аралығында енгізіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, даңғылдың Көктал көшесінен транспорттық айрыққа дейінгі бөлігінде жол төсемінің жоғарғы қабаты төселеді. Жұмыс жүргізу кезінде қозғалыс ішінара шектеліп, көлік жолдың бір жағымен жүреді.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 7-12 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген ресми хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.


