Астанада түнгі уақытта шулы жарыс ұйымдастырған 20 жастағы екі BMW жүргізушісі 10 тәулікке қамауға алынды. Олардың бірі көлігін заңсыз қайта жабдықтаған, деп хабарлайды infohub.kz.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіттер түнгі уақытта қала көшелерінде маневр жасау ережелерін бұзып, жүрген. Сонымен қатар, олардың бірі өз көлігінің шығару жүйесінің құрылымына өзгерістер енгізген.
«Қозғалтқыштың қатты гуілі түнгі уақытта тыныштықты бұзып, қоғамдық тәртіпті бұзды, бұл елорда тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды», — деп атап өтті полицияда.
Жүргізушілерге қатысты көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау және маневр жасау ережелерін бұзу бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көліктер коммуналдық тұраққа қойылды.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жас жігіттер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.


