- 27 мам. 2024 15:17
- 363
Астанада Куандық Бишімбаевты ұстау кезіндегі бұзушылықтар үшін полицейлер жазаланды
Астанада екі полицей экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстау және алғашқы тергеу кезінде қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін жазаланды. Бұл туралы infohub.kz тілшісі хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін сөгіс алды. Оқиға кезінде полицей ұсталған Бишімбаевқа марқұм Салтанат Нукенова туралы қорлайтын ескерту жасаған. Бұл сөз бейнежетонға жазылып, 8 сәуірде сотта көрсетілген.
Астана полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп, бұзушылықты растады. Нәтижесінде инспектор жазаланды.
Сонымен қатар, Есіл ауданы полиция басқармасының жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды. Полицей Бишімбаевпен бірге көшеде шылым шегіп, жерге түкірген, бұл да бейнежетонға жазылып, сотта көрсетілді. Бұл әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-2 бабын бұзу болып табылады, ол үшін 2024 жылы бес айлық есептік көрсеткіш (18 460 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.