Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы.
География пәні мұғалімі Ахетов Асқар Қуантайұлы
Тақырыбы: «Атажұрт» этногеографиялық олимпиада.
Мақсаты:
1. Мұхиттар мен материктер географиясы бойынша оқушылардың деңгейін анықтау.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Шарты:
І. Өткел.
І топ.
1. Ең биік тау. (Гималай).
2. АҚШ астанасы қай қала? (Вашингтон).
3. Қазақстанның батысындағы теңіз. (Каспий).
4. Мұхит суы тұздылығы немен өлшенеді? (Промилле).
5. Арабша азимут дегеніміз не? (Жол).
ІІ топ.
1. Ең суық материк. (Антарктида).
2. Ақтөбе облысындағы тау. (Мұғалжар).
3. Жер бедері нешеге бөлінеді? (2 – ге).
4. Түркия астанасы. (Анкара).
5. Ыстық бұлақтар. (Гейзерлер).
ІІ. Белес.
І топ.
1. Тынық мұхиттың Оңтүстік - Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жел қалай аталады?
Қосымша көмек:
Бұл желден Филипин мен Жапон адамдары көп зардап шегеді.
Жауабы: Тайфун желі.
2. Қысымы бірдей жерлерді қосатын сызықтар қалай аталады?
Жауабы: Изобара.
ІІ топ.
1. Алғаш ендік пен бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасаған ғалым кім?
Қосымша көмек: Оны география ғылымының атасы деп атаған.
Жауабы: Эротосфен.
2. Жер бетінде температурасы бірдей жерлерді қосатын сызықтар қалай аталады?
Жауабы: Изотерма.
ІІІ. Бекет.
Көрермендер көмегі.
І топ.
Альпі - Гималай белдеуі Евразияның оңтүстік батысынан Азияның оңтүстік шығысына дейін созылып жатыр. Біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанар тауының атқылауы нәтижесінде ежелгі Италияның қандай қаласы лава астында қалды?
Жауабы: Помпей.
ІІ топ.
Атмосфера қысымы, температура, жауын - шашын, жел, бұлттылық, ылғалдылық және басқа көрсеткіштер не деп аталады?
Жауабы: Климат элементтері деп аталады.
IV. АСУ.
1 2 3
4 5 6
V. Жерұйық.
Бірнеше тілде сөйлей білген, философ және энциклопедист оқымысты, атақты ғалым, кім ол? 870 - 950 жылдары өмір сүрген.
Жауабы: Әбу Насыр Әл - Фараби.
VI. Марапаттау.
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз626 қаралым
#сайыс сабақ#интеллектуалдық ойын жоспары#этногеографиялық олимпиада#мұхиттар мен материктер
Ұсынылады
Алматының "төменгі жағы": Көбірек қорқатын ауданның тыныс-тіршілігі
Алматының "төменгі бөлігі" туралы қалыптасқан пікірлер мен шындық арасындағы алшақтықты зерттеген журналистік материал.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
Астана: Екі жағаның айырмашылығы неде? Артықшылықтары мен кемшіліктері
Елорданың сол және оң жағалаулары арасындағы айырмашылықтарды, олардың ерекшеліктерін және тұрғындар үшін маңыздылығын зерттейміз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 2 маусым
Әлемдегі ең ірі қалалардың бірі ғарыштан көрінетіндей жылдамдықпен батып барады
Мексика астанасы Мехико жер асты суын шамадан тыс пайдалану салдарынан жылдам шөгіп барады. Бұл жағдай ғарыштан да көрінеді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 мамыр
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

