Әлеуметтік желілерде Атыраудағы тұрғын үйдің ауласында ер адамның әйелді ұрып-соққан видеосы таралуда. Оқиғаға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Кадрларда ер адамның орындықта отырған әйелге жақындап, бетінен ұрғаны көрінеді. Ол тұрған кезде жұдырығымен басынан ұрады. Атырау облысы ПД мәліметінше, 2026 жылғы 6 тамызда Нұрсая шағын ауданындағы үйдің ауласында жұбайлар арасында тұрмыстық жанжал болған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжалға қатысушыларды анықтаған.
Тексеру барысында 1993 жылы туған ер адамның заңды некеде тұрған 1995 жылы туған әйелді ұрып-соққаны анықталды. Жәбірленуші шағымданбағанына қарамастан, құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеудің болмауына байланысты ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар. Роликті кәмелетке толмағандарға, психикасы тұрақсыз адамдарға және жүкті әйелдерге көру ұсынылмайды.


